RU

БҚО-да науқас ауруханадағы матрасты өртеп, екінші қабаттан секіріп кеткен (фото)

Батыс Қазақстан облысындағы ауруханалардың бірінде өрт шықты. Мекемеден 20 науқас, оның ішінде 4 бала эвакуацияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Фоото: Мой город/коллаж KAZ.NUR.KZ
Фоото: Мой город/коллаж KAZ.NUR.KZ: Facebook

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 17 ақпанда сағат 5.41-де өрт сөндірушілерге Тасқала орталық аудандық ауруханасындағы терапия бөлімінің №8 палатасында өрт шықты деген хабарлама түскен.

Фото: "Мой город"
Фото: "Мой город": Facebook
"15 шаршы метр аумақты өрт шарпыған. 42 жастағы науқас палатадағы матрасты өртеп, екінші қабаттағы терезеден секіріп, ізін жасырған. Ол іздестірілуде. Өрт 06.16-да ауыздықталды. Оқиға орнында 11 өрт сөндіруші мен 3 техника бірлігі жұмыс істеді", – деп мәлімдеді БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Фото: "Мой город"
Фото: "Мой город": Facebook

Фото: "Мой город"
Фото: "Мой город": Facebook

Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетауда әйелін пышақтаған азаматтың бөлмесін өртеп, төртінші қабаттан секіріп кеткенін хабарлаған едік.

Оқиға орнына 80 құтқарушы мен 17 техника жұмылдырылып, арнайы мамандар 120 адамды эвакуациялады, олардың 25-і балалар.

Уланған тағы бірнеше адам облыстық және қалалық ауруханаларға жеткізілген.

Ал оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 105 бабы 2 тармағы "Өз-өзіне қол жұмсау" бойынша іс қозғалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841482-bko-da-naukas-auruhanadagy-matrasty-rtep-ekinsi-kabattan-sekirip-ketken-foto.html