Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда теракт ұйымдастырмақ болғандардың жолы кесілді

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото:knb.gov.kz
Фото:knb.gov.kz: Twitter

Күдіктілерде ұстау операциясы 14 ақпанда жүргізілген.

"Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды.
Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Тараздағы деструктивті діни ағым өкілдерін тұтқындағанын хабарлаған едік.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған.

Сонымен қатар ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков 2019 жылы елімізде үш лаңкестік әрекеттің жолы кесілгенін мәлімдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841483-almatyda-terakt-zasauga-dajyndalgandardy-zoly-kesildi/

pixel