Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Дэвид Бекхэмнің әйелі жаңа топтамасын халыққа ұсынды

Опубликовано:

16 ақпанда Лондонда Victoria Beckham сән үйінің күзгі-қыстық коллекциясының көрсетілімі өтті. Құрметті қонақтар арасында әдеттегідей сән үйінің негізін қалаушы Виктория Бекхэмнің жұбайы бұрынғы футболшы Дэвид Бекхэм да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Spletnik.ru-ға сілтеме жасап.

Әйгілі Дэвид Бекхэмнің әйелі жаңа топтамасын халыққа ұсынды
Фото: instagram.com/victoriabeckham: Facebook

Викторияны қолдауға оның күйеуі ғана емес, балалары Ромео, Круз және Харпер, дизайнердің анасы, енесі де келген.

Айта кетсек, соңғы уақытта БАҚ беттерінде 45 жастағы Викторияның брендінде дағдарыс болып жатқаны жазылып жүр.

Алайда осыған қарамастан Бекхэм ханым Лондонда өткен ән апталығына қатысуда. Ол осылайша өзі маркасына қызығушылықты арттырып, саудасын қыздырмақ ниетте.

Подиумға шығарылған коллекциялардың ішінде аяқ киімдер көпшіліктің ерекше назарын аударды. Виктория маусымның басты тренді ретінде биік платформалы етіктерді таңдап алыпты.

Ал киім үлгісіне келсек, дизайнер ешқандай эксперимент жүргізбеген. Ол өзінің бұрынғы стиліне адал болып қалған.

Сән көрсетіліміне келгендер брендтің негізгі үлгілерін, атап айтсақ, жүн костюмдерін, ашық түсті А-тәрізді белдемшелерді, принтті әрі жеңдері жабық көйлектерді, көйлегі бар жемпірлерді көрді.

Еске сала кетсек, 2019 жылы Instagram арқылы ең көп табыс тапқан әлемдік жұлдыздардың есімдері белгілі болған еді. Олардың қатарында, жарнаманың көмегімен 9 млн фунт табысқа кенелген Викторияның күйеуі Дэвид Бекхэмде бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841485-jgili-devid-bekhemni-jeli-zaa-toptamasyn-halykka-syndy/

pixel