Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі бапкер бокстан болашақ Олимпиада чемпионының есімін атады (видео)

Опубликовано:

Бокстан Венгрия құрамасының бас бапкері, отандасымыз Болат Ниязымбетов Олимпиада чемпионы болуға міндетті қазақстандық боксшының есімін атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі бапкер алдағы Олимпиадада алтын алатын боксшының есімін атады (видео)
Бекзат Нұрдәудетов. Болат Ниязымбетов. Фото: Sputnik / Павел Лисицын / SporttimeKZ видеосынан кадр: Facebook

1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионы, бүгінде Венгрия құрамасына бас бапкер болып жүрген Болат Ниязымбетов SporttimeKZ YouTubе арнасына сұхбат берген.

Әңгіме барысында білікті бапкер Олимпиада ойындарында алтын алуға міндетті қазақстандық боксшының есімін атады.

"Екатеринбургтегі әлем чемпионатында біздің Бекзат Нұрдәулетов кубалықты құлатты. Сөз жоқ. Талантты жас жігіт, тьфу-тьфу-тьфу, оған көз тимесін. Ол Олимпиада ойындарында жеңіске жетеді деп үміттенеміз. Ол жеңіске жетуге міндетті", - дейді Ниязымбетов.

Еске сала кетсек, 2019 жылы бокстан Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында 81 келі салмақта өнер көрсеткен Бекзат Нұрдәулетов өзбекстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атаған еді.

Сол кезде жерлесіміз жартылай финалда төрт дүркін әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы Хулио Сезар Ла Крузды жеңіп, төрткүл дүниенің назарын өзіне аударған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841496-belgili-bapker-tokio-olimpiadasynda-altyn-alatyn-kazak-bokssyny-esimin-atady/

pixel