Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тапқырлығының арқасында анасын құтқарып қалған екі жасар қыз бала әлемді таңғалдырды

Опубликовано:

Британияның Пул қаласында екі жасар қыз бала тапқырлығының арқасында анасын құтқарып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

28 жастағы Саманта Мизен төрт жасар ұлы Итанмен және екі жасар қызы Софиямен үйде болған. Кенеттен келіншек жерге құлап, есінен танып қалған.

Сол сәтте оның кішкентай қызы қорқынышқа бой алдырмай, тапқырлық танытқан. Бүлдіршін бірден анасының ұялы телефонын алып, оның саусағын тақап тұрып, смартфонды бұғаттан шығарған.

Сөйтіп Facebook мессенджері арқылы бейнебайланыспен әжесі Дебби Бейкерге қоңырау шалған. Әлі дұрыс сөйлей алмайтын екі жасар қыз камера арқылы анасының ес-түссіз жатқанын көрсетіп, жағдайды түсіндіріп берген.

Әжесі бірден қызының мекенжайына жедел жәрдем шақырған. Келіншек ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған ішек инфекциясы диагнозын қойды.

Емделіп, ауруханадан шыққан Саманта қызының әрекетіне таңғалғанын жеткізді. Айтуынша, ол бұндай көмекті ұлынан күткен. Себебі, оған осындай жағдайларда не істеу керектігін түсіндірген екен. Ал соның барлығын құлағына құйып алған екі жасар Софияның тапқырлығы жұртты таңдай қақтырған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Филиппиннің Палаван провинциясында қарындасын қолтырауыннан құтқарып қалған жеткіншек туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841513-tapkyrlygyny-arkasynda-anasyn-ktkaryp-kalgan-eki-zasar-kyz-bala-lemdi-tagaldyrdy/

pixel