RU

Қордайдағы полицейлерге шабуыл: Үш ағайынды қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің бас прокуратурасы Қордай ауданында тәртіп сақшыларына қарсы күш қолдану ісі бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

полицу

Фото: primeminister.kz

Құзырлы органның дерегінше, осы жылдың 7 ақпанында Сартөбе ауылында полиция қызметкерлері Honda Odyssey көлігін тоқтатқан.

Жеңіл көліктің рөлінде Воингуй есімді азамат отырған. Жүргізушінің құжаттары болмапты. Полицейлер оған бөлімшеге баруды ұсынған.

Бас прокуратураның дерегінше, Воингуй тәртіп сақшыларының талабын орындаудан бас тартқан. Одан бөлек, белгілі болғандай, ол үйіне келген. Сол жерде Воингуй өзінің бауырларымен бірге билік өкілдеріне күш қолданған.

Мұның бәрі видеоға түсіп, ролик әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Еліміздің басты құзырлы органының арнайы прокуроры болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Тергеу Қылмыстық кодекстің 280 бабы бойынша жүргізілген.

Тәртіп сақшыларына күш қолданған адамдар қамауға алынып, олар кінәларын мойындаған. Енді үш адам заң алдында жауап береді.

Өткен жұмада іс аудандық сотқа жіберілген.

Еске сала кетсек, Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 11 адам мерт болды.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қордайдағы полицейлерге шабуыл: Үш ағайынды қамауға алынды
Mailfire view pixel