Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сахнадан көрермендерге құлаған танымал әншінің масқарасы шықты

Опубликовано:

14 ақпан күні ресейлік танымал әнші Ольга Бузова Брянскіде жеке концертін өткізді. Кеш барысында тыңдармандар өнер иесінің көңілін қатты қалдырып қойды. Бузова сахнадан көрермендерге құлаған сәтте оны ешкім ұстап қалмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ sm-news.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/buzova86_fan_life, sm-news.ru
Фото: Instagram/buzova86_fan_life, sm-news.ru: Instagram

Әулие Валентин мерекесі күні Ольга Бузова ыңғайсыз жағдайға тап болды. Кезекті рет тыңдармандарына концерт берген ол би алаңында көрермендері өзін көтеріп жүрсін деген ниетпен сахнадан секіруді шешкен. Алайда көпшілік әншіні ұстап қалудың орнына жан-жаққа тарай бастаған. Салдарынан Бузова тікелей еденге құлап түсті.

Әнші табынушыларынан мұндай әсер күтпегені анық. Ол ауыр жарақат алмаса да, бастапқыда жүруі қиындап кетті. Тіпті, бет әрлеу бөлмесіне жеткенше әншіге екі азамат көмектесуге мәжбүр болды.

Желіде тараған видеодан өнер иесі біраз уақыт өз-өзіне келе алмағанын аңғаруға болады. Ол дәлізде қасындағылардан "Мен не істедім? Жандырдым ба?" деп сұрай береді.

Көпшілік әншінің жүрісіне қатты таң қалды. Олардың бірі Бузова мас күйде десе, екіншісі оның шаршағанын айтуда.

Желіде оқиға куәгері Бузованың құлаған сәтінен видео жүктеді. Алайда біраз уақыттан кейін өнер иесінің өзі жазбаны өшіріп тастауды сұрады.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген ірі еуропалық тур барысында алғашқы ән кешін өткізді. Дебютті концерт Краснодар қаласында болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841522-sahnadan-krermenderge-klagan-tanymal-nsini-maskarasy-sykty-video/

pixel