RU

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы кәсіпқой боксқа ауысты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой боксқа ауысу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Достар, барлықтарыңызға Ассалаумағалейкум! Өздеріңіз білетіндей, мен өз мансабымда кәсіби боксқа өту туралы маңызды шешім қабылдап, әлемнің үздік командаларының бірі MTK GLOBAL ұжымының бір бөлігі болдым. Осындай белгілі ұйым мүшесі болғаныма қуаныштымын және әлемдік Олимп шыңына МТК KAZAKHSTAN компаниясымен бірге жетеміз деп үміттенемін! Алға Қазақстан", - деді Тұрсынбай Құлахмет.

Айта кетейік, былғары қолғап шебері - әуесқой бокста Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Ислам ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы және 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Сондай-ақ, Тұрсынбай Құлахмет бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Еске сала кетсек, 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионы, бүгінде Венгрия құрамасына бас бапкер болып жүрген Болат Ниязымбетов Олимпиада чемпионы болуға міндетті қазақстандық боксшының есімін атаған еді.

"Екатеринбургтегі әлем чемпионатында біздің Бекзат Нұрдәулетов кубалықты құлатты. Сөз жоқ. Талантты жас жігіт, тьфу-тьфу-тьфу, оған көз тимесін. Ол Олимпиада ойындарында жеңіске жетеді деп үміттенеміз. Ол жеңіске жетуге міндетті", - деген еді бапкер.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы кәсіпқой боксқа ауысты
Mailfire view pixel