Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сатып алып жатыр": "Қалаулымның" экс-қатысушысы бар шындығын жайып салды

Опубликовано:

Атышулы "Қалаулым сен" жобасының шындығын әшкере еткен бағдарламаның бұрынғы қатысушысы Айдын Жұмахан танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповқа сұхбат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрболхан Шарапов
Фото: Видеодан кадр: UGC

Сұқбат барысында ол бағдарламаның шын-өтірік екенін анықтау үшін арнайы қатысушы болып барғанын сөз етті.

"Менің сол жердегі әріптестерімнің басым көпшілігін, қоршаған ортамды сатып алып жатыр. Олардан бәрі шығады...

Мен ол жерге зерттеу үшін келдім. Ішіне кіріп көрейін, шынайы бағдарлама болса, үйленіп кетермін дедім. Келісімге қол қойдық.

Басында ештеңе білінбеді. Ішкі кухнясын бірден ашпайды. Олар әрқайсымызды зерттеп, компромат іздеді", - дейді ол.

Айдынның айтуынша, бағдарлама редакторы Шах-Керім қатысушылардың өткен өмірін қазбалап, олар туралы бар шындықты біліп алғаннан кейін ақпаратты қатысушылардың өздеріне қарсы қояды екен.

Одан бөлек, тікелей эфирде шындыққа жанаспайтын ақпаратты айтып, қатысушыны бағдарламадан шығарып жіберетін де әдістер бар екен.

"Сіздер өміріңізде қандай мәселелер, қылмыстар болды. Соны маған қазір айтыңыздар. Себебі ол ақпаратты басқа біреу айтса, ертең сіздерді қорғауым керек.
Егер сіз менен жасырып қалсаңыз, мен оны ертең эфирге шығарып, сіздерді жер қыламын деді", - дейді Айдын.

Жігіттің сөзінше, тіпті, бағдарламаның телефон нөмірі де жалған екен. Оларға телефон шалатындар "Қалаулым сен" бағдарламасының өз адамдары болып шыққан.

"Қатысушылардың бірі: "Өткенде сені менің бір танысым Сейфуллин көшесінде байқап қалыпты" дейді. Содан кейін рекдакцияда: "Бізге де сондай ақпарат келіп түсті, бір көрермен сізді Сейфуллин көшесінен байқапты деп телефон шалдыртады. Телефондары өтірік. Сөйтіп, өз адамдары хабарласып: "Мен осы қызды жиі көремін. Бөтен еркектердің көлігіне мініп кетеді" дейді. Болды. Халық алдында сен жезөкшесің. Ақтала алмайсың. Содан "Сен жезөкшесің, бізде саған орын жоқ" дейді де шығарып жібереді", - деп ағынан жарылды ол.

Айдын Жұмаханның сөзінше, студиядағы көрермендер ақша төленетін болған соң, редакторлардың айтқанын істейтінін айтып өтті.

"Көрермендерге ақша төлегендіктен айтқандарын істетеді. 50 адамнан екі блок отырады. Оларға сигнал берілген кезде ғана шапалақтайды. Мысалы, мен сауатты бірдеңе айтсам, шапалақтамайды. Егер Шах-Керім бірдеңе десе, сигнал келіп, олар шапалақтайды", - деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841532-satyp-alyp-zatyr-kalaulymny-eks-katysusysy-bar-syndygyn-zajyp-saldy/

pixel