Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-ананың баласының көзінше киініп-шешінгені дұрыс па

Опубликовано:

Бұл күндері балаларының алдында жартылай жалаңаш денесін көрсетіп, тіпті солардың көзінше киімдерін ауыстыра беретін ата-аналар көбейген. Мамандардың айтуынша, әке-шешенің мұндай әрекеттері баланың келешегіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Ernur.kz-ке сілтеме жасап қай жастан бастап баланың алдында шешінбеген жөн екенін анықтады.

балла
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

0 - 2 жас аралығы

Бұл жаста көп ретте ата-аналарда бала алдында шешініп-киінуде, іш киіммен жүруде, сәбимен бірге шомылуда ешқандай мәселе болмайды. Себебі мұндай жас шамасында бала ұялу, қымсыну дегенді білмейді. Олар тіпті өз дене мүшелеріне де қызығушылық танытпайды.

2 жастан 5 жасқа дейін

Бала екі жастан асқаннан кейін ата-аналар өте мұқият болу керек. Қанша жерден кішкентай дегенмен кейбір балалар ата-анасының ашық денесін көргенде ұялады.

Егер бөбегіңіз сіз киініп-шешінгенде, шомылғанда көзін тайдырып, алып қашатын болса, демек жиналатын, баладан да қымсынатын кез жетті деген сөз.

Екі жастан кейін әсіресе ұл балалар өз денелеріне қызығуды, жыныс мүшесін ұстап ойнауды бастайды. Сондықтан балаға әр дене мүшесінің қызметін, олардың аттарын дұрыстап айтып үйрету қажет.

  • Бала ненің не екенін білгісі келген уақыттан бастап, ұятты жерлерді жауып жүруді, ешкімге көрсетпеуді үйреткен абзал.
Сондай-ақ егер бала қаламаса, оны қытықтап, құшақтап, сүюге болмайды. Бұл тек баланың рұқсатымен, ықтиярымен болу керек.

Сонда ғана ол өзінің рұқсатынсыз денесіне өзге түгіл өз ата-анасының да қол тигізуіне болмайтынын түсінеді. Өз денесін қадірлеуді үйренеді.

6 жас пен 10 жас аралығы

Әрине, бұл жаста ата-ана да, бала да бір-бірінен ұялуы, денелерін жабуы керек. Бірақ кейде болатын ыңғайсыздықтар үшін шу көтерудің әсте қажеті жоқ. Мысалы сіз немесе балаңыз киініп үлгермей қалдыңыздар, дәретханада, жуынатын бөлмеге үстінен кіріп қалдыңыз. Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Егер балаңыз кіріп қалса, жәй ғана шығып кетуін өтініңіз, керісінше жағдайда баланы ұялтпай байқамаған болып шығып кетіңіз.

Бала 10 жастан асқаннан кейін

10 жастан кейін балалардың алдында мүлде киініп-шешінуге, түнгі уақытта жатын бөлменің есігін ашық қалдыруға болмайды.

Баланың білгісі келетінін "ұят" деп үнсіз қалдыруға болмайды

Ол сұрақтар баланың одан бетер қызығушылығын арттырып, соның жауабын табу үшін өтірік айтуы немесе тұйықталып кетуі мүмкін. Сондықтан балаға қызығып сұрақ қойған уақытынан бастап "сен кішкентайсың" деп бетін қақпай, ерінбей-жалықпай түсіндіру қажет.

Баланың келешекке деген көзқарасы осы уақыттардан бастап мықтап қалыптасатынын ұмытпау керек. Жұрттың барлығы жұмысбасты мына заманда кімнің қолы бос бала тәрбиесімен сол айналысатыны жасырын емес. Алайда, дене мүшесіне, ондағы өзгерістерге қатысты мәселелерді уақыт тауып ұлға әкесі, қызға анасы үйреткені абзал.

Еске сала кетсек, бұған дейін балаға жыныстық тәрбиені қалай берген дұрыс екенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841548-ata-anany-balasyny-kzinse-kiinip-sesingeni-drys-pa/

pixel