Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ХАТУ ректорына қатысты сот: Екінші күдікті отырысқа келмеді

Опубликовано:

Алматыда Халықаралық ақпараттар технологиялық университетінің ректоры Дамир Шыныбековке қатысты сот жалғасуда. Бүгін екінші отырыс өтуі керек еді, алайда екінші күдікті сотқа келмеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыдағы ХАТУ ректорына қатысты сот процесі: Екінші күдікті отырысқа келмеді
Фото: vecher.kz: Twitter

Анықталғандай, Жанайым Спабекова дене қызуы көтеріліп, ауруханаға жеткізілді. Әйел жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы айыпталушының қорғаушысы айтты.

Ал Шыныбековтың өзі сот залына келді. Алайда отырыс әйелдің айығуына дейін кейінге қалдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Дамир Шыныбеков 1,7 млрд теңгені жымқырды деп айыпталуда. Онымен бірге іс бойынша ЖОО бухгалтериясының басшысы Жанайым Спабекова да өтуде. Тергеудің пайымдауынша, бұл соманы күдіктілер бірнеше жыл бойы ұрлаған.

Айыптау фактісіне сәйкес, ұрланған қаражат әртүрлі кәсіпорындар арқылы жалған құжаттардың көмегімен шығарылып отырған. Прокурор айыптау актісін оқып, өткен отырыста Сапабекованың бірнеше элиталық пәтер мен үш үй, жер автокөлік сатып алып, ЖШС ашқанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков қаржыны иемдену немесе талан-таражға салу күдігі бойынша қамауға алынған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841552-almatydagy-hatu-rektoryna-katysty-sot-procesi-ekinsi-kdikti-otyryska-kelmedi/

pixel