RU

11 жылқыны пойыз қағып кеткен: Желіде жантүршігерлік видео пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында қараусыз қалған жылқылар пойыздың астында қалып, мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға «Аршалы-Анар» өткелінің маңында болған.

«Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі түнгі уақытта тежегішті басып үлгермей, 11 бас жылқыны қағып кетіпті.

Қазір аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, жылқылардың иесін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүрізілуде.

Темір жол аса қауіпті аймақ болғандықтан көлік полициясы қараусыз қалған үй жануарларының пойыз қозғалысына қауіп төндіретінін апат өтті. Азаматтар жазық далада мал жаю ережелерін сақтауы және темір жол маңында олардың жүруіне жол бермеуі тиіс.

Айта кетерлігі, 2020 жылдың басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 214 фактісі тіркелген, олардың 130-дан астамы темір жол үстіне төрт түліктің шығып кетуімен байланысты болған.

Көліктегі полиция департаменті барлық фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін мал иелерін анықтау шараларын жүргізуде.

Бүгінгі күні темір жол бойында мал жайған 70-тен аса азаматқа әкімшілік айыппұл салынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
11 жылқыны пойыз қағып кеткен: Желіде жантүршігерлік видео пайда болды
Mailfire view pixel