Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыр сөздер айтты": "Қалаулым" жұлдызы туыстарымен араласпай қалғанын жеткізді

Опубликовано:

Атышулы "Қалаулым" жобасының қатысушысы Ұлдана Ерқасым бағдарламаның кесірінен туыстарымен араласуын қойғанын сөз етті. Айтуынша, арудың туғандарына деген өкпесі қара қазандай деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ауыр сөздер айтты": "Қалаулымның" шулы қатысушысы туыстарымен араласпайтынын мойындады
Фото: Видеодан кадр: UGC

Айдана Ерқасым Мұхит Сапарбаеватың "Ойбай Шоу" бағдарласына берген сұқбаты кезінде бүкпесіз бар шындықты жайып салды. Арудың сөзінше, оның бағдарлама қатысушысы боулына туыстары қарсы болып, бойжеткенге ауыр сөздер айтыпты.

"Қазір ешқандай туысыммен байланысым жоқ. Оған "Қалаулым" бағдарламасы себеп болды. Кішкентай кезімде папамның жағына жақын едім, бірақ анамның да жағымен де етене араласатынбыз. Осы бағдарламаға келгелі мүлде ара-қатынасымыз үзілді. Өйткені айтқан, жазған ауыр сөздері бар. Маған сенімсіздікпен қарағандары, менің әлі күнге дейін қандай екенімді білмегендері қатты ренжітті. Мен ештеңе дәлелдеген жоқпын.

Ару оның шешімін тек анасы мен туған әпкесі қолдағанын сөз етті.

Осы жобаға барғалы бері мені қолдаған тек анам мен әпкем. Анамның қиналып, ауырып қалатынын білемін", - деп ағынан жарылды ару.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламада бәс тіккен қазақ қызының шашын тақырлап алып тастағанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841560-auyr-szder-ajtty-kalaulym-zldyzy-tuystarymen-aralaspaj-kalganyn-zetkizdi/

pixel