Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мирзиеевтің қызы Иванка Трамп пен Тереза Мэймен түскен суретін жария етті

Опубликовано:

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева Дубайда өткен жаһандық әйелдер форумына қатысты. Іс-шарадан кейінгі ұйымдастырылған кешкі асқа көптеген саяси қызметкерлер келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Саида Мирзиеева Дубайда Иванка Трамп пен Тереза Мэймен түскен суретімен бөлісті
Фото: facebook.com/saida.mirziyoyeva: UGC

Саида халықаралық іс-шараға қатысқаны туралы өзі Facebook парақшасында хабарлады. Бұдан бөлек, өзбек көшбасшысының қызы өткені іс-шарада түскен суретерді жариялады.

Суреттерден қатысушылар қатарында Ақ үй басшысының қызы Иванка Трамп пен Тереза Мейдің болғанын көруге болады.

Америка Құрама Штаттары президентінің үлкен кеңесшісі мен Ұлыбритания премьер-министрінен бөлек форумға Дубай мәдениет және өнер басқармасының төрағасы, сондай-ақ Дубай әйелдер ұйымының төрағасы қатысты.

Сондай-ақ, кешкі асқа АҚШ-тың бүкіл әлемдегі әйелдер мәселелері жөніндегі мемлекеттік департаментінің бөлімін басқаратын Келли Карри де қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Саида Мирзиёева Дубайдағы әйелдер форумында Иванка Трамппен кездескенін хабарлаған едік.

Жиында сөйлеген сөзінде Мирзиёева БАӘ-ді әйелдердің инновациялық жобалары үшін ең қолайлы ел деп бағалап, тәжірибе алмасу үшін маңызды мемлекет екенін баса айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841578-mirzieevti-kyzy-ivanka-tramp-pen-tereza-mejmen-tsken-suretin-zaria-etti/

pixel