RU

Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүк көлігі 30 жолаушысы бар автобусты қағып кетті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Cұлтанда жұк көлігі мен автобустың қатысуымен жол апаты орын алды. Өкініштісі қоғамдық көлік салонында 30-дан астам адам болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Жол апаты бүгін таңғы уақытта, шамамен 8:30-да болған. Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, КамАЗ жүк көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жүк көлігінің рөліне ие бола алмай, жанында кетіп бара жатқан жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

Қатты соққыдан автобус айналып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Жолаушылар толы автобус осылайша Skoda Rapid маркалы көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты нәтижесінде жеңіл көліктің 63 жастағы жүргізушісі зардап жеккен. Ал автобус жолаушылары арасында зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңдау барлық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүк көлігі жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заң алдында жауап бермек.

Айта кетейік, бұған дейін КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен болған тағы бір жол-көлік оқиғасы жайлы хабарлаған едік. Оқиға Ақтөбе облысының Темір ауданында орын алған болатын.

Үй жанындағы сырғанақта шана теуіп жүрген бес жасар бала, төбеден төмен қарай сырғанаймын деп, аңдаусызда көшеде өтіп бара жатқан КамАЗ автокөлігінің доңғалағының астына түсіп кеткен болатын. Балақай оқиға орнында қаза тапқан еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда КамАЗ жүк көлігі 30 жолаушысы бар автобусты қағып кетті (видео)
Mailfire view pixel