Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында балаларын жетектеген апалы-сіңлілілер бес бутикті тонап кетті (видео)

Опубликовано:

Алматы облысында балаларын жетектеген апалы-сіңлілі екі әйел қымбат дүкендерді тонаған. Балқаш қаласынан "қылмыстық гастрольге" келген екі әйел бутиктер мен дүкендерде бірқатар ұрлықтар жасаған деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Facebook
"Тергеу барысында күдіктілердің Балқаш қаласынан келгені, олардың апалы-сіңлілі туыс екені анықталды. Оларға бір күн ішінде тауар-материалдық құндылықтарды ұрлаудың бес дерегі бойынша айып тағылды", – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

9 ақпанда Қарасай ауданының сауда ойын-сауық кешендерінің бірінде ұрлық жасады деген күдікпен 30 және 33 жастағы екі әйел ұсталды. Күдікке ілінген әйелдердің 1 жастан асқан және 7 жастағы бүлдіршіндері бар. Жеке басын тексеру кезінде туыстардан әйелдер мен балалардың ұрланған жаңа киімдері табылып, олардың кешен аумағындағы дүкендердің бірінен жымқырылғаны анықталды.

Сонымен қатар, бейнебақылау жазбаларының көмегімен бұлтартпас айғақтар арқасында күдіктілер бұдан өзге тағы төрт бутик және дүкенде орын алған ұрлықтарын мойындады.

"Олар бір күн ішінде жалпы сомасы 350 000 теңгеден асатын тауар ұрлаған. Оның ішінде майка, футболка, пальто, джинсы, легинсы және өзге де киімдер бар. Ұрланған мүлік қажетті тергеу әрекеттерінен соң заңды иелеріне қайтарылды. Өзгенің мүлкін ұрлаудың бес дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің бұған дейін қылмыс жасағаны белгілі болды. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы бутиктерден заттарды ұрлағаны үшін жауапқа тартылып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс сотқа жетпей, қысқартылған. Күдіктілердің кәмілетке толмаған жас балаларының бар екені ескеріліп, олар мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы "Нұртай" мешітіндегі садақа жәшігін ұрлаған күдіктінің ұсталғанын хабарған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841603-almaty-oblysynda-balalaryn-zetektegen-apaly-silili-bes-butikti-tonap-ketti-video/

pixel