RU

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 2000-нан асып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны күн санап артып келеді. Бүгінде қауіпті дерттен 2000- нан аса адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен тәулікте ҚХР-да жаңа вирустан қайтыс болғандар саны 2004-ке жетті. Ал кеселді 74,1 мың адам жұқтырғаны белгілі болды. Өлімге әкеп соғатын дерттен айығып кеткендер саны 14,3 мың. Бұл жайында денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетке сілтеме жасаған РИА Новости хабарлайды.

Осылайша, өткен тәуліктерге қарағанда марқұмдар саны 136 адамға артты, дертті жұқтырғандар қатарына 1479 науқас қосылды. Аурудан емделгендер саны 1824 адамға жетті.

Айта кетейік, коронавирустың өршуіне байланысты ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда емес, Өзбекстанда өтетін болды. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мәлім етті.

Бұған дейін Қазақстан үкіметінің коронавирустың кең таралуына байланысты Қытаймен шекаралас елдердің жолаушыларына елге кіріп-шығуға шектеу қойғаны белгілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған болатын.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының атқарушы комитеті шұғыл түрде қалыптасқан жағдайды талқылап, жарысты Өзбекстанға ауыстыруға шешім қабылдады. Осылайша, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 16-25 сәуір аралығында Ташкентте өтеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 2000-нан асып кетті
Mailfire view pixel