Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің кей өңірлерінде қатты жел күшейіп, бұрқасын болады

Опубликовано:

Қазақстаннның солтүстігіне, орталығына және шығыс бөлігіне циклон жырасы әсер етуіне байланысты қар жауады деп күтілуде. Ал батыс пен оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды Қазгидромет.

бұрқасын
Көрнекі фото: 24.kz: UGC

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Сондай-ақ, жел күшейіп, солтүстікте және орталықта, атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын күтіледі.

Қостанай облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары күтіледі, сондай-ақ, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей бөліктерінде бұрқасын жүріп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Павлодар облысында көктайғақ күтіледі, Қарағанды облысында тұман түседі.

Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында тұман болады.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болжануда.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841629-elimizdi-kej-irlerinde-katty-zel-ksejip-brkasyn-bolady/

pixel