Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналдудың ғашығына ай сайын 100 мың еуро төлейтіні рас па

Опубликовано:

Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы және Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду жүйелі түрде Джорджина Родригеске ірі көлемде ақша бөлетіні белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Eurosport.ru-ге сілтеме жасап.

Криштиану Роналду қызының анасына ай сайын 100 мың еуро төлейтіні рас па
Фото: instagram.com/georginagio: UGC

35 жастағы футболшы ай сайын сүйіктісіне 50 мыңнан 100 мың еуроға дейін ақша береді.

Испаниялық Telecinco арнасындағы Viva la Vida бағдарламасының зерттеуінде Родригестің балаларын асырауға және жеке шығындарын өтеу үшін қаражат алып тұратыны анықталды.

Бұл қаражаттың ішінен Джорджинаға бренд дүкендердің жарнама үшін төлейтін 8000 еуросын алып тастау керек.

ТВ-шоудың тілшілері анықтап өткендей, Джорджина бір сұқбат үшін 100 мың еуроға дейін қаражат сұратады, алайда Ya es mediodía бағдарламасына тегін барған.

Тілшілер келіншектің көршілерінен сұқбат алу үшін Хака қаласына арнайы барған, алайда олар камера алдында сөйлеуден бас тартыпты. Бұл туралы El Mundo Deportivo хабарлайды.

Айта кетейік, Джорджина Родригес - Криштианудың кіші қызы Алана Мартинаның анасы. Әйел қызды 2017 жылдың қарашасында дүниеге әкелді.

Сондай-ақ, Роналдудың тоғыз жасар кіші Криштиану және Ева мен Матео есімді егіз балалары бар. Олар 2017 жылы суррогат анадан дүниеге келді.

Естеріңізге салайық, Криштиану Роналду Instagram әлеуметтік желісінде 200 миллион оқырман жинаған әлемдегі тұңғыш адам атанды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1841637-ronaldudy-kyzyny-anasyna-aj-sajyn-100-my-euro-tlejtini-ras-pa/

pixel