RU

50 жастағы Дженнифер Лопес мінсіз мүсінімен жанкүйерлерін естен тандырды

Америкалық әнші Дженнифер Лопес мінсіз мүсінін көрсетіп, жанкүйерлерін естен тандырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

50 жастағы Дженнифер Лопес мүсінімен оқырмандарын естен тандырды
Фото: instagram.com/jlo: UGC

50 жастағы Дженнифер Лопес Instagram парақшасында мәнсіз мүсінімен мақтанды.

Өнер иесі мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін күнделікті уақытын спортзалда өткізіп, дұрыс тамақтануға тырысады. Жуырда әші өз еңбегінің нәтижесін желідегі оқрымандарына көрсетті. Ол шомылуға арналған ақ түсті кішігірім киіммен түскен суретін Instagram парақшасына жүктеді.

"Керемет", "Мінсіз мүсін", "Сұлусың", "Саған ғашықпын", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Дженнифер Лопес шығармашылық мансабын кино әлемінде биші болып бастады. Алайда әлемдік танымалдыққа әнші өзінің вакалдық қабілеттерінің арқасында ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына жақындары оның күллі әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестен айнымайтынын айтқан.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлім етіп, өзінің фотоларын голливудтық жұлдыздың суреттерімен салыстыра кеткен. Желі қолданушылары да бірауыздан қос сылқымның түрлері де, стилі де ұқсас деген пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841642-50-zastagy-dzennifer-lopes-minsiz-msinimen-zankjerlerin-esten-tandyrdy.html