Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың жеке әрлеушісі болған Санди Бексырға арманына жеткенін айтты

Опубликовано:

Отандық танымал визажист Санди Бексырға ғажайып даусымен күллі әлемді таңдай қақтырып жүрген талант иесі Димаш Құдайбергеннің командасына қосылды. Жұлдыздармен етене жұмыс істейтін ол енді жас әншінің жеке бет әрлеушісі болды. Сән әлемінде өзіндік орны бар ару Димашпен бірге "Арнау" атты халықаралық турға аттанып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sandi_beksirga. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sandi_beksirga. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бұл жаңалықты қуанышы қойнына сыймаған визажистің өзі жеткізді.

Ол Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырып, өзінің асқақ арманы орындалғанын айтты. Белгілі болғандай, Санди Бексырға бұрыннан бері Димаштың командасының мүшесі атануды қалаған екен.

"Мен Димаш Құдайбергеннің әрлеушісі болып, командасында бірге еңбек етпекпін. Бұл жақсы жаңалықпен өздеріңізбен бөліспесем болмайды ғой. Маған сенім білдіргендеріңізге өте қуаныштымын.

Еліміздің атын әлемге паш етіп жүрген, мега-жұлдыздың жанында болу арманым еді. Аллаға шүкір, алда жоспар көп. Димаштың керемет болуы үшін барлық күшімді саламын.

Кеше "Арнау" атты тур концерті РФ-ның Краснодар қаласында аншлагпен, жоғары деңгейде өтті. Көрермендер қазақ тіліндегі әндерді соңына дейін Димашпен бірге орындады.

Көзіңізге жас келіп, қазақ екенімізге мақтанып, мақтаныш сезімі кеудені кернеп, жүректі елжіретті. Осындай сезімді жүректерге сыйлап жүрген Димаш жарайсың!

Бауырым талма, шаршама, бiз әрдайым касында болуга дайынбыз! Біз сенімен мақтанамыз! Сенің жаныңда болғаныма Аллаға мың да бір шүкір деймін" , - деп жазды Санди Бексырға.

Айта кетейік, бұған дейін Санди Бексырға басынан өткен ауыр кезеңі туралы жан сырын ақтарған болатын. Белгілі визажист қалтасында жүз теңгемен ғана қалып, үйіне жаяу қайтып жүрген сәттері болғанын ашық айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841655-dimasty-zeke-rleusisi-bolgan-sandi-beksyrga-armanyna-zetkenin-ajtty/

pixel