Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш қыздан соң: Ресейлік танымал рэпер Джиганға әйелі ұл сыйлады (фото)

Опубликовано:

Қалың көпшілікке Джиган лақап атымен танымал ресейлік рэп орындаушы төртінші мәрте әке атанды. Шоу-бизнес жұлдызының аңсаған арманы орындалып, ол үш қыздан кейін ұлды болды. Өнер иесі баласының дүниеге келген сәтінде әйелінің қасында болып, оған ерекше қолдау білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/iamgeegun. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/iamgeegun. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Күні кеше Джиган мен оның жары Оксана Самойлованың төртінші рет ата-ана атанғаны жөніндегі жаңалық ғаламтор кеңістігіне тез тарап кетті.

Желідегілер бұл жайтты назардан тыс қалдырмай, бірден қызу талқылап кетті.

Көпшілік үш қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылардың отбасында ұл бала дүние есігін ашқанына қатты қуанған. Олар жұлдызды жұпты құттықтап, өздерінің ақ тілегін жаудырды.

Көпбалалы әкенің ұлын қолына алып түскен суреті оқырмандар жүрегін одан бетер елжірете түсті.

Ол өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырып, ұлына қандай есім бергенін жария етті. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар төртінші баласына Давид деген ат қойған.

Айта кетейік, Джиган мен Оксана Самойлованың бұл сәбиден бөлек үш қызы бар: сегіз жасар Ариэла, бес жасар Лея және екі жасар Майя. Көпбалалы ата-ананың отбасын құрғанына биыл сегіз жыл толады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841662-s-kyzdan-so-resejlik-tanymal-reper-dziganga-jeli-l-syjlady-foto/

pixel