Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мереке Қалбаева ана атанды (фото)

Опубликовано:

Желіде танымал жұлдызды жұп Мереке Қалбаева мен Арсен Әкиев алғаш рет ата-ана атанды. Белгілі әзілкеш ару сүйіктісіне қыз бала сыйлаған. Қуанышты жаңалықты көпшілікке ерлі-зайыптылардың өзі жеткізді. Олар "қазақ еліне бір ханшайым" қосылғаны туралы хабарлап, халықтан сүйінші сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/merekusha.k. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/merekusha.k. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мереке Қалбаева тұңғышын босанып, өзіне-өзі келген бойда әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығып, алған әсерлерімен бөлісті.

Ол ана бақытын сезіну ерекше сезім екенін айтты.

"Мама, мен мама болдым. Арсен Әкиев енді әке. Аллаға шүкірден басқа не айтасың? "Жаның қалсын" деген сөздің мағынасын жаңа үш сағат алдында түсіндім. Баршаңызға рахмет" , - деп жазды жас ана.

Желідегілер бірден ерлі-зайыптыларды құттықауға кірісіп, өздерінің ақ тілегін әлі де жаудыруда.

"Бауы берік болсын, үлкен азаматша болсын" , "Қазақ еліне + бір ханшайым", "Бастысы дені сау, бақытты ару болып өссін" , "Салиқалы ұрпақ нәсіп етсін" , "Ханшайымдарыңның бауы берік болсын, бақытты да баянды өмір сүре беріңдер" , - деп жазуда көпшілік.

Белгілі болғандай, қос әзілкеш сәбиінің өкіл анасы болып танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова болса, өкіл әкесі болу құрметі КВН жұлдызы Жандос Самалбековке бұйырған.

Айта кетейік, бұл ерлі-зайыптылардың қосылуының өзі халық арасында қызу талқыланған болатын.

Көпшілік өзінен алты жас кіші жігітке жар болған әзілкеш аруды қатты сөкті. Алайда, көптің сөзіне мән бермей, екі жақ ата-анасының келісімін алған ғашықтар отбасын құрды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841665-zinen-6-zas-kisi-zigitke-trmyska-sykkan-mereke-kalbaeva-ana-atandy-foto/

pixel