Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неке қидық": Күйеуімен ажырасып, отбасылы адамға тоқал болған әйел сырын ақтарды

Опубликовано:

21 жасында тұрмысқа шыққан келіншек күйеуімен 4 жыл бірге тұрып, берекелі өмір сүрмегенін сөз етті. Оның айтуынша, ер адам ішімдік ішіп, есірткіге әуес болған. Дәрменсіз күйеуінен ажырасып кеткен әйел отабсылы ер адамды кездестіріп, онымен бақытты екенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күйеуімен ажырасып, отбасылы адамға тоқал болған келіншек жан сырын ақтарды
Көрнекі фото: sm-news.ru: UGC

Бұл туралы келіншек "Алаш айнасы" басылымында жазды.

Оның сөзінше, күйеуі баласын өлім аузында жатыр деп сылтауратып, жұмыстағы басшысынан ақша алыпты. Алайда қаражатты есірткіге жұмсап жіберген көрінеді.

"21 жасымда тұрмысқа шықтым. Күйеуіммен 4 жыл өмір сүрдім, бірақ сол уақыттың ішінде көрмегенім қалмады.

Ол маған қол көтермеді, десе де ащы суды жиі ішіп, насыбай ататын, оған қоса табыс таппайтын. Балалармен жұмысқа шыға алмай, қара нанға зар болған күндерім де болды.

Үшінші балама аяғым ауыр болған кезде тамаққа ақша алу үшін күйеуімнің жұмысына бардым. Сол кезде ол ауысыммен істейтін, үйге келмегеніне екі күн болып кеткен.
Сөйтсем, жұмысқа кеткен күйеуім "балам өлім аузында жатыр" деп бастығын алдап он бес мың теңге алған, кейін мен түк білмегенсіп көз жасымды төгіп үйге қайттым", - деді келіншек.

Кейіпкердің айтуынша, ол дәрменсіз күйеуінен ажырасқаннан кейін жұмысқа тұрып, басқа азаматты кезіктірген.

Ал ол отбасылы адам бола тұра, келіншекті екінші жар етіп алуға ниетті екенін жасырмапты.

"Күйеуім келгенде бірден ажырастық. Әке-шешеме балаларымды қалдырып, жұмысқа тұрдым. Біраз жағдайымды жасап алып, балаларымды қолыма алдым.

Арада уақыт өтіп, бір жігітпен танысып қалдым. Ол отбасылы адам. Маған екінші әйелі болуға ұсыныс жасады.

Мен оның мұндай қадамға не үшін барып жатқанын сұрағанымда: "Еркек өз үйінен жылулық сезінбесе, басқа адамнан іздейді екен. Мен сені көңілдес етіп ұстап, тастап кетпеймін, ата-анаңның алдынан өтемін" деді", - деп ағынан жарылды ол.

Қазір төртінші баласын дүниеге әкелген келіншек барша әйелдер қауымына ерлерінің көңіліне қаяу түсірмей, оларды құрметтеуге шақырды.

"Мешітке барып некемізді қидырдық. Қазір баламыз бар. Бұл төртінші балам, өз атына жаздырды. Мен оның отбасына ешқандай жамандық ойламаймын.
Менің айтайын дегенім күйеулеріңізге жақсы қараңыздар, бір саты төмен тұрыңыздар. 500 теңге алып келсе, барына шүкір деп қадірлеңіздер. Сонда ер адам жылулықты басқадан іздемей, үйге асығатын болады", - деп сөзін түйіндеді келіншек.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан тұрғыны екінші әйел алғаны үшін сотталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841667-kjeuimen-azyrasyp-otbasyly-adamga-tokal-bolgan-kelinsek-syryn-aktardy/

pixel