Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Химиялық заттар баланы ерте жастан демікпе ауруына шалдықтыруы мүмкін

Опубликовано:

Канадалық ғалымдар үй тазалауға арналған құралдардың баланың денсаулығына қалай әсер ететінін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғалымдар химиялық заттардың балаға қалай әсер ететінін айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Canadian Medical Association Journal журналында жарияланған мақала авторлары тұрмыстық химиялық тауарлары баланы ерте жастан демікпе ауруына шалдығуына итермелейтінін айтады.

Әдетте оның белгілері үш жаста анық байқала бастайды екен. Зерттеушілердің сөзінше, оған иммундық жүйенің бұзылуы да әсер етуі мүмкін.

Атап өтілгендей, жуғыш заттардың ауаға тараған бөлігі де балаға зиян келтіре алатын болып шықты.

Ғалымдар CHILD зерттеулеріне енген деректерді сараптай келе осындай қорытындыға келген. Ол жерде ата-аналардың өз балаларына қатысты толтырған сауалнама бар.

Мәліметтер 2008 жылдан 2015 жылға дейін жиналған.

Зерттеу жұмысы балалар үшін бүріккіш құралдар ең қауіпті болып саналатынын анықтады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық нашарлағанда хабар беретін белгілер туралы жазған едік.

Мәселен көз астының қараюы, саусақ түсінің өзгеруі, заттың көзге бұлдырап көрінуі, іштің құрылдауы, терінің құрғауы, құлақ шыңылдауы сынды бегілер себепсіз еместігін білгеніңіз жөн.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841674-galymdar-himialyk-zattardy-balaga-kalaj-ser-etetinin-ajtty/

pixel