RU

Болат Бақауовтың сотқа дейінгі бұлтартпау шарасы қайта қаралды

Telegram logo VKontakte logo

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың бұлтартпау шарасы өзгертілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

баталоввв

Фото: instagram.com/bbakauov: UGC

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, Павлодар қаласы мамандандырылған тергеу сотының 2020 жылдың 18 ақпанындағы үкімімен ЖТТ жетекшісімен, ҚР ҰҚК ТД бас тергеушісімен өтініш қанағаттандырылды.

Құжатта күдікті Болат Бақауовқа қатысты бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үй қамауына ауыстыру қарастырылған.

Бұл өтініштің Қазақстанның бас прокуроры Қылмыстық-атқару қызметі басшысымен келісілгені көрсетілген.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Сонымен қатар, сотта 2016 жылдан бері өңірге басшылық етіп келген Бақауовтың не үшін күдіктеліп жатқаны айтылды.

21 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ экс-әкімнің қорғаушылары бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш жасағаны хабарланды. Алайда сот Бақауовтың өтінішін қанағаттандырмаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Болат Бақауовтың сотқа дейінгі бұлтартпау шарасы қайта қаралды