RU

Әуежай маңындағы жерлер Алматы меншігіне қайтарылмақ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен кездесу барысында әкімдіктің күнделікті жұмысына не кіретінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

алматы
Фото: NUR.KZ: Original

Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына жұмыс орындарын ашып, лайықты жалақы төлеп, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету - әкімдіктің күнделікті жұмысы екенін айтты.

Мегаполис басшысының сөзінше, осы бағытта әкімдік тарапынан тұрғын-үй мәселесіне қатысты шешім қабылданған.

"2019 жылы Елбасы Назарбаевтың шешімімен Жастар жылы деп жарияланды, оның ішінде мыңдаған пәтерлерге, баспана құрылыстарына, 5 жылға жалға берілетін тұрғын үйге ақша бөлуде жастарға қолдау көрсету туралы әртүрлі шешімдер қабылданды", - деді әкім.

Сағынтаевтың сөзінше, аталған бағдарлама жалғасын табады. Осы мақсатта әкімдік "Алматы Жастары 3.0" бағдарламасын жасаған.

"Оның бірегейлігі төмен пайыздық мөлшерлемемен, 13 миллион теңгеге дейінгі несие 5 пайызбен ұсынылуында. 3-25 жылға және алғашқы салымы 10% . Бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді және "Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі" 3 млрд қосты. Біз барлық тараппен сөйлесіп, мақсатты аудиторияны бекіттік. Олар 35 жасқа дейінгі бюджеттік саланың, мәдениет, спорт және журналистика саласының өкілдері", - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ Сағынтаев 38 гектар жердің қала меншігіне қайтарлығанын, одан бөлек әуежай маңындағы жерлерді қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Еске сала кетсек, өткен жексенбі күні кешкі уақытта оңтүстік астананың басшысы Бақытжан Сағынтаев қаладағы коммуналдық қызметтердің қарды тазалау мәселесімен қалай күресіп жатқанын тексерген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841689-uezaj-mayndagy-zerler-almaty-mensigine-kajtarylmak.html