Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"33 батыр тұр": Әкімдікке кіре алмаған зейнеткер Сағынтаевқа шағымданды

Опубликовано:

Алматы басшысы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру үшін қала тұрғындарымен кездесті. Әкім сөз сөйлеу кезінде тұрғындардың көкейінде жүрген көптеген әлеуметтік мәселелерді қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"33 батыр әкімдіктің алдында тұр": Зейнеткер Сағынтаевтың қабылдауына кіре алмағанын айтты
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Әкімнің есеп беру кездесуінде алматылық зейнеткер Сағынтаевқа үндеу жолдады.

"Мен ыңғайсыз сұрақтар қоймаймын. Адамдарға алғысымды білдіргім келеді. Бір адам бір жылдан астам уақыт 120 адамды тамақтандырып келеді. Оған рақмет"айтқым келеді. Абай көшесінде "Счастье" мейрамханасы бар, ол жерде де тегін ас беріледі.

Түркісіб ауданында Кулагин болған, мен оның әкесін танитынмын. Ол да хабарлама жазып, адамдар тегін сүт алатын. Мұның зейнеткерлер үшін қаншалықты маңызды екенін білесіз бе?

Содан соң, 34-ші автобустардан қорқыныштысы жоқ, бәрі кір әрі ескі. Сейфуллин көшесін біржақты етуге болмай ма? 112 автобус "Алтын Ордадан" Орталық саябаққа дейін жүреді. 45 минут тұрып күтесің. Шешімін табуға болатын шығар?

Сізге көрісу қиын дейді - бұл рас, әкімдіктің алдында 33 батыр тұрады. Осы жерде келіп сізге айтуға тура келді", - деп пікір білдірді әйел.

Қала басшысы Алматы тұрғынына кеңес берді.

"Біздің зейнеткерлер белсенді, кеше де қабылдауға белсенді адамдар келіп, сезімге беріліп сөйледі. Өз атын атамай көмек көрсететін жандар өте көп. Ондай адамдарды өзгелерге үлгі болсын деп лайықты дәрежеде құрметтеу керек.

Автобустарға келетін болсақ, оларды ұзақ күтіп не ұзақ жол жүргеніміз - автобустардың тапшылығымен байланысты.

Соңғы екі-үш жылда жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді, біз ол жұмысты жалғастырамыз.

700 автобус осы жылы есептен шығарылуда тұр, ал өткен жылы есептен 300 автобус шығарылды. 400 автобусты сатып алдық, яғни, жетіспей тұр", - деді Сағынтаев.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев әуежай маңындағы жерлердің Алматы меншігіне қайтарылатынын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841692-33-batyr-tr-zejnetker-sagyntaevty-kabyldauyna-kire-almaganyn-ajtty/

pixel