Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айқайлап сөйлесең, жеңілесің": Сағынтаев митинг туралы айтты

Опубликовано:

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халықпен есепті кездесуі барысында бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Кездесу барысында алматылық блогер оңтүстік астана әкімінен демократияны қолдайтынын немесе қолдамайтынын сұрады.

Сондай-ақ, осы мәселе бойынша Алматыға қандай ұсыныс айта алатынын білгісі келді.

Сағынтаев Алматының демократиялық қала және оның тұрғындары белсенді екенін жеткізді.

"Біз сіздермен көп нәрсені талқылауға дайынбыз. Мысалы, қала көшелері, аула, балалар алаңқайы туралы мәселені сіз талқылайсыз. Біз барлығын ашық сөйлесеміз және бірге қозғалуымыз керек.

Бұндай демократия біздің қаламызға қажет, тек заңға қарсы шығып, заңсыз сөздер айтуға болмайды. Қытайда "Айқайлап сөйлесең, бірінші жеңілесің" деген жақсы нақыл сөз бар.

Сондықтан, диалогтың осы түрі, көшеге шығып, митинг өткізгеннен қарағанда көбірек нәтиже береді", - деп жауап берді Бақытжан Әбдірұлы.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы тұрғындарына есеп берген Сағынтаев 38 гектар жердің қала меншігіне қайтарлығанын, одан бөлек әуежай маңындағы жерлерді қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841693-ajkajlap-sjlese-zeilesi-sagyntaev-miting-turaly-mlimdeme-zasady/

pixel