Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейтаныс азаматқа сүйеніп тұрған Сәдуақасова елді қызықтырып қойды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова жаңа суретімен желі қолданушыларын қызықтырып қойды. Фотода өнер иесі арқасымен бұрылып тұрған азаматтың қолынан ұстап, оған сүйеніп алған. Көпшілік түрін жасырып қалған ер адамның кім екенін таба алмай әлек болды. Олар өз болжамдарын жарыса пікірге қалдырып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/
sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/ sadvakasovamadina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасына белгісіз азаматпен тұрған суретін салып, елдің қызығушылығын тудырды.

Қызу талқы тудырған фотоға қарап, олардың музыкалық студияда тұрғанын көруге болады. Оған қоса, өнер иесі алдағы уақытта жанында тұрған азаматпен дуэт болатынын да жазып қойған.

Желі қолданушылары бейтаныс жігіттің кім екенін білу мақсатында, суреттің астына өз болжамдарын жарыса жазды.

Олардың көпшілігі жұмбақ адамды Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Жігер Ауыпбаев және Ринат Байсейітов деп ойлап қалған.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова күйеуі екеуінің үйлену тойындағы фотосын жариялап, елді тәнті еткен болатын. Шоу-бизнес жұлдызы отбасылық мұрағаттағы суреттермен бөлісіп, оқырмандарын қуантты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841694-bejtanys-azamatka-sjenip-trgan-sduakasova-eldi-kyzyktyryp-kojdy-foto/

pixel