RU

Сурет үшін жартастан құлай жаздаған келіншек желідегілердің ашуына тиді

Жартастың үстінде отырған турист әйелдің видеосы желіде кеңінен тарап кеті. Ол сапалы әрі әдемі сурет үшін жартастың үстіне шығып, төменге қарай сырғыған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблер сайтына сілтеме жасап.

Жаңалықтар да дар
Фото: Видеодан кадр: UGC

Камера артында тұрған ер адамның әйелді барынша қолдап тұрғанын көруге болады.

"Тағы, ары қарай бар", - дейді ер адам.

Мұны естіген әйел бірден жардан төмен қарай түседі. Ол бір секундқа қолын жіберіп, камераға қарап күлімсірейді.

Daily Mail басылымы атап өткендей, жазба Рио-де-Жанейро қаласындағы Педра-да-Гавеа жартасында жасалыпты. Құздың ұзындығы 900 метрді құрайды.

Желі қолданушылары әйелдің іс-әрекетін құптамай, өз өміріне қауіп төндіргені үшін сынға алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сахнадан көрермендерге құлап, масқарасы шыққан әнші туралы жазған болатынбыз.

14 ақпан күні ресейлік танымал әнші Ольга Бузова Брянскіде жеке концертін өткізді. Кеш барысында тыңдармандар өнер иесінің көңілін қатты қалдырып қойды.

Бузова сахнадан көрермендерге құлаған сәтте оны ешкім ұстап қалмады.

Желіде оқиға куәгері Бузованың құлаған сәтінен видео жүктеді. Алайда біраз уақыттан кейін өнер иесінің өзі жазбаны өшіріп тастауды сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841703-suret-sin-zartastan-klaj-zazdagan-kelinsek-zelidegilerdi-asuyna-tidi.html