Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бутаков шатқалындағы құрылыс жайлы сыбыс шындыққа жанаса ма

Опубликовано:

Бүгін алматылықтарға есеп берген шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаев жиында Бутаков шатқалындағы тау-шаңғы курортының құрылысы жайлы сыбысқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Original

Сағынтаевтың сөзінше, Алматы әкімшілігіне курорт аймағын салу жайлы ұсыныстар түседі. Дегенмен, оның сөзінше, алдымен жоба мамандар арасында талқыланып, кейін қалалықтарға қабылданған шешім хабарланады.

Сонымен қатар, Сағынтаев аталған мәселенің оң шешіміне не әсер ететінін түсіндірді. Қала басшысының пікірінше, жаңа курорт туристік әлеуетті арттырып, қосымша жұмыс орындарын қосу арқылы қалаға пайдасын тигізеді.

Алматы әкімі бұл мәселенің әзірге тек сөз ретінде қалып отырғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, кездесу барысында алматылық блогер оңтүстік астана әкімінен демократияны қолдайтынын немесе қолдамайтынын сұрады.

Сондай-ақ, ол осы мәселе бойынша Алматыға қандай ұсыныс айта алатынын білгісі келді.

Сағынтаев Алматының демократиялық қала және оның тұрғындары белсенді екенін жеткізді.

"Біз сіздермен көп нәрсені талқылауға дайынбыз. Мысалы, қала көшелері, аула, балалар алаңқайы туралы мәселені сіз талқылайсыз. Біз барлығын ашық сөйлесеміз және бірге қозғалуымыз керек.

Мұндай демократия біздің қаламызға қажет, тек заңға қарсы шығып, заңсыз сөздер айтуға болмайды. Қытайда "Айқайлап сөйлесең, бірінші жеңілесің" деген жақсы нақыл сөз бар.

Сондықтан, диалогтың осы түрі, көшеге шығып, митинг өткізгеннен қарағанда көбірек нәтиже береді", - деп жауап берді Бақытжан Әбдірұлы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841706-butakov-satkalyndagy-krylys-zajly-sybys-syndykka-zanasa-ma/

pixel