Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаевтың тұрғындармен кездесуінде ардагер қария бата берді

Опубликовано:

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қала тұрғындарымен кездесуі кезінде ардагер қария бата берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

кездесу
Видеодан кадр: Facebook

Ақсақал микрофон алдына келіп, ел үшін жақсы тілектерін жаудырған.

"Көк байрағымыз аспанда мәңгі желбіреп, қазақ еліміз жылдан жылға гүлденіп, бақытты заман туып, ұл мен қызымыз бақытты өмір сүріп, тіл мен дініміз шарықтап, дами берсін", - деді қария.

Ардагердің батасынан кейін кездесу аяқталғанымен, Сағынтаев өз орнында қалып, алматылықтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жалғастырды.

Сондай-ақ "Халық Арена" аумағында қала әкімінің орынбасары да тұрғындарды жеке қабылдап жатыр.

Еске сала кетсек, Бақытжан Сағынтаев бүгін қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, халыққа есеп берді. Сондай-ақ әкім халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, оңтүстік астанадағы көк түтіннен құтылу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, қала әкімі Алматы қаласының меншігіне 38 гектар жердің қайтарылғанын, оған қоса әуежай маңындағы жерлерді шаһар иелігіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Одан бөлек, мегаполис басшысы митингтерге қатысты да өз пікірін білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841718-sagyntaevty-trgyndarmen-kezdesuinde-ardager-karia-bata-berdi-video/

pixel