RU

"Ерекеңе күш-қуат берсін": Ләйлә Сұлтанқызы Динара Сұлтанның күйеуін көрсетті (фото)

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екі күн бұрын ғана босанған Динара Сұлтанды алтыншы мәрте ана атануымен ерекше құттықтады. Ақпарат өкілі өз ақ тілегін шоу-бизнес жұлдызына ғана емес, оның жолдасына да жаудырған. Ол желіде ел алдына бірге шыға бермейтін ерлі-зайыптылармен түскен фотосын жариялап, әншінің күйеуін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/dinara_sultan1/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: instagram.com/dinara_sultan1/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында Динара Сұлтан мен оның жолдасымен түскен фотоны жүктеп, көпшілікті таңғалдырды. Бұған дейін эстрада жұлдызының күйеуі кім екенін білмей келген желі қолданушылары үшін бұл нағыз таптырмас тосын сый болған.

"Алты баланы туу, алты рет толғақ, токсикоз, құбылмалы көңіл-күй, босанар алдындағы қиындықтар бір бөлек, асырау екі есе қиын. Динара Сұлтанға 159 мыңды қазір-ақ төлеуге болады. ⠀ Кейде жылма-жыл туған келіншектердің артынан ерген сөздерді естігенде, бір танысымның оқиғасы есіме түседі. Өзі өте ақылды әйел, жасы 50-ге таяп қалды. Бақуатты отбасыдан. Жақында ғана жалғыз ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады. Ұлы білікті маман, мектепті де, оқуды да озат бітірді. Ата-анасының қалтасына сенген еркетай бала емес. ⠀ Сонда жаңағы әйелден: «Неге жас кезіңізде туып алмадыңыз? Жағдайыңыз да жетеді» - деп сұрағанымда: «Дети - это роскошь, Лялечка», - дегені бар. Сол кезде тура мағынасын түсінбеген екенмін. Алтыншы «роскошыңның» бауы берік болсын, Динара. Осылардың барлығын жеткізуге Ерекеңе Құдай күш-қуат берсін" , - деп әсерлі жазба қалдырған тележүргізуші.

Айта кету керек, Динара Сұлтан бұған дейін еш жерде жолдасының фотосын салмақ тұрып, сұхбаттарында ол туралы көп мәлімет бермейтін жұлдыздар қатарына жатады. Алайда, Ләйлә Сұлтанқызының суретінен кейін желідегілер жұмбақ болып келген ер адамды көргендеріне қуанышты екенін де жасырмады.

"Ақыр-соңы көрдік жолдасыңызды" , "Бұл күн де келіп жетті" , "Динара ханым Ерекенің түрін жасырып жүр еді" , "Екі жұлдызда бірге дуэт айтқан кәсіпкер емес пе?" , "Күйеуі Динарамен жасты көрінеді" , "Өте жарасымды екен" , - деп қызу талқылауда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сұлтанның алтыншы сәбиін дүниеге әкелгенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841720-erekee-ks-kuat-bersin-ljl-sltankyzy-dinara-sltanny-kjeuin-krsetti-foto.html