Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұялы телефонға қандай қосымшаларды жүктеген қауіпті

Опубликовано:

Group-IB компьютерлік криминалистика зертханасы басшысының орынбасары Сергей Никитин "КаскадТВ" Youtube-арнасына берген сұхбатында смартфонға орнатуға болмайтын мобильді қосымшалар туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Атап айтқанда, олардың қатарында қолданушының телефон кітапшасына кіруге мүмкіндік алатын, бірақ оны жария етпейтін GetContact секілді бағдарламалар бар.

Сондай-ақ, спам-қоңырауларды бұғаттауға арналған қосымшалар да осы санатқа жатқызылады.

Маманның пікірінше, бұндай қосымшаларды деректердің қауіпсіздігін сақтайтын дерлік танымал компаниялар шығаруы мүмкін, алайда, кіріс қоңыраулары туралы ақпарат бәрібір олардың серверіне келіп түседі.

Сонымен қатар, зертхана басшысының орынбасары компьютерді қашықтықтан басқару бойынша бағдарламалық жасақтаманы смартфонға орнатпауға кеңес берді. Айтуынша, оларды алаяқтар қолданушылардың банк деректерін алу және шоттардан ақша ұрлау үшін жиі пайдаланады.

Маман балаларды қадағалау және орналасқан жерін бақылау бойынша қашықтықтан басқару бағдарламаларын еш уақытта смартфонға орнатпау керектігін алға тартты.

"Біреу бұл бағдарламаны бұзып кіріп, балаңыздың орналасқан жерін анықтап, оны ұрлау мақсатында қолдануы мүмкін мүмкін", – дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін iPhone 11 Pro телефонының қауіпті тұсы анықталғанын хабарлаған болатынбыз. Гаджеттің радиожиілік сәулелену деңгейі АҚШ-тың байланыс бойынша федералды комиссиясы бекіткен нормадан екі есе жоғары болып шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841721-aly-telefonga-kandaj-kosymsalardy-zktegen-kauipti/

pixel