Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус Apple компаниясының табысына қалай әсер етті

Опубликовано:

ҚХР аумағында пайда болған коронавирус адамдардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, көптеген компанияның жұмысына кедергі келтіруде. Олардың қатарына әйгілі Apple компаниясы да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ferra.ru сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус Apple компаниясының табысына қалай әсер етті
Фото: 3u.com: UGC

18 ақпанда Apple өкілдері инвесторларға жіберілген ресми мәлімдемені жариялады. Ол жерде компания вирустың салдарынан тап болған шығындармен бөлісті.

Мәлімдемеге сәйкес, Apple бүкіл әлем бойынша iPhone тасымалының шектелуіне байланысты өз жоспарын орындай алмаған.

Бұдан бөлек, бірнеше дүкеннің жабылуына байланысты Қытай нарығында компания құрылғыларына деген сұраныс төмендеген.

Сондай-ақ, бөлшек сауда дүкендерінде жұмыс сағаттарының азаюына байланысты сатып алушылар ағымы да төмендеген.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қытайда жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 2000-нан асып, жұқтырғандар саны 74,1 мың адамға жеткен.

Ал вирустан құлған таза айыққандар 14,3 мыңды құрап отыр.

Еске сала кетейік, коронавирусқа байланысты ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстанда емес, Өзбекстанда өтетін болды. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1841730-koronavirus-apple-kompaniasyny-tabysyna-kalaj-ser-etti/

pixel