RU

Президент Дәурен Абаевқа қазақстандық масс-медианы қолдауға қатысты тапсырма берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

мембас

Фото: Ақорда

Кездесу барысында президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев волонтер жылының тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Мемлекет басшысы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыруға азаматтық қоғамды тартудың, "Ашық үкімет" қағидаттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты.

Сонымен қатар президент қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Еске сала кетсек, 18 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдаған болатын.

Ескеев мемлекет басшысына "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының 2019 жылғы қортындылары жайында баяндап, Smart sity тұжырымдамасының орындалу барысы, "Смарт Ақкөл" жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент Дәурен Абаевқа қазақстандық масс-медианы қолдауға қатысты тапсырма берді
Mailfire view pixel