RU

Әлемді бағындырған жұлдыздардың зираттары қайда орналасқан

Бір күнде өмірге мыңдаған сәби келіп, тағы мыңдаған адам жер қойнына беріледі. Өлім сағаты ешкімді де, тіпті әйгілі жұлдыздарды да айналып өтпейтіні анық. Осы ретте KAZ.NUR.KZ BigPicture.ru-ға сілтеме жасап, артында өшпес із қалдырған, әлемге танымал жандардың зираттары қайда орналасқанын жазады.

Әлемді бағындырған жұлдыздардың зираттары қайда орналасқан
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Джо Дассен

Француз композиторы әрі әншісі 42 жасында мейрамханада түскі ас кезінде жүрегі тоқтап қайтыс болған. Оның денесі өзі қалағандай, Голливудтағы зиратқа, туыстарының жанына қойылған.

мертвфы
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Уитни Хьюстон

Уитни тірі кезінде көптеген марапаттарға ие болды. Ол ең табысты әнші атанған. Супер жұлдыздың денесі Уэстфилдтегі зиратқа қойылған.

мертвфы
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Виктор Цой

Ән авторлары, әнші, музыкант Виктор Цой небәрі 28 жасында жол апатына түсіп, өмірден өткен. Ол Санкт-Петербургтегі Богословский бейітіне жерленген.

мертвфы
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Майкл Джексон

Әлемге әйгілі Майкл Джексонның денесі Калифорнияның Глендейл қаласындағы Үлкен мазарға қойылған. Ол жерге кез келген адам кіре алмайды. Алайда әншінің өмірден өткеніне бір жыл болғанда оның жанкүйерлері мазарға кіруге мүмкіндік алған.

мертвфы
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Элвис Пресли

Әнші, актер Элвис Пресли жүрегі ауырып қайтыс болған. Бастапқыда оның денесі зиратқа жерленді. Алайда қаскөйлер оның зиратын бұзуға талпынған. Содан соң туыстары әншіні "Грейследке" қайта жерлеген.

мертвфы
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Фредди Меркьюри

Танымал рок-орындаушы Фредди Меркьюридің зиратын тек оның туыстары мен достары ғана білген. Алайда 2013 жылы The Daily Mirror басылымында әншінің жанкүйерлері жұлдыздың зиратын тапқаны туралы хабар тарады. Фредди Меркьюридің денесі Лондонның батысындағы Кенсал Грин бейітіне жерленген.

мертвфы
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Еске сала кетсек, бұған дейін сүйіктілерімен мектеп кезінен бері таныс жұлдыздар туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841742-lemdi-bagyndyrgan-zldyzdardy-zirattary-kajda-ornalaskan.html