Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бритни Спирс ауруханаға түсті (фото)

Опубликовано:

Америкалық поп-орындаушы, әйгілі әнші Бритни Спирс аяғын сындырып, ауруханаға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: muz-tv.ru
Фото: muz-tv.ru: Depositphotos

Әншінің ауруханаға түскені жайлы сүйіктісі Сэм Асгари өзінің Instagram парақшасында жазған.

Белгілі Бритни би билеу кезінде жарақат алған. Сэм желіде өнер иесімен ауруханада түскен суретін жариялаған.

"Менің сүйіктім ең жақсы көретін ісімен айналысып жатып табан сүйегін сындырып алды. Оның тезірек жазылып кетуін тілеймін", – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік әнші Максим шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған едік.

36 жастағы ресейлік әнші Максимнің өнер көрсетуін тоқтатып, барлық концерттерінен белгісіз мерзімге бас тартуының себебі белгілі болды

"Звезда" басылымының мәліметінше, ресейлік әнші ауруханада жатыр, оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Айта кетейік, 2019 жылғы сәуірде әнші жол апатына түсіп, соның салдарынан денсаулығы сыр берген.

Сондай-ақ қазақстандық әнші Ернар Айдар Алматы маңында апат болған Bek Air ұшағынан зардап шеккен директоры Дәулет Қожабергеннің хал-жағдайын айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841754-britni-spirs-auruhanaga-tsti-foto/

pixel