Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының қалай құлағаны белгілі болды (видео)

Опубликовано:

Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко бүгін баспасөз конференциясы барысында Алматыда болған Fokker-100 ұшағының апатқа ұшырау көрінісін ұсынды. Әуе апатын зерттеу үшін ұшу және құлау сәтінен видео жасалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фоккер
Фото: ІІМ ТЖД: UGC

МАК-тың хабарлауынша, ұшақтың қисайып не тербелуіне екі нәрсе себеп болуы мүмкін.

Біріншісі - қанаттың таза болмауы немесе қанат жазықтығы тұтастығының бұзылуы. Екіншісі - мұз қату немесе мұздан басқа да нәрсемен жабылуы.

Роликтің жартысына дейін ғана шынайы дауыстар берілген. Стандарттарға сәйкес, көпшілікке жариялауға тыйым салынғандықтан, ұшқыштардың сөйлескен бөлігі әдейі өшірілген.

Видео әуе апатының себебін зерттеу мақсатында визуализатормен құрастырылған.

Құлаған ұшақ көтеріле алған ең жоғарғы биіктік - 6 метр. Жағдайдың тұрақсыздығын аңғарған ұшқыштардың бірі ұшуды тоқтатуға тырысқан. Бұл адами фактор апаттың нәтижесіне де әсер етуі мүмкін деп болжанды.

Кейінірек, екінші ұшқыштың шешімімен ұшу жалғасқан, алайда әуе кемесі жерге құлап, қоршауға, артынша тұрғын үйге соғылған. Соқтығысудан ұшаққа зақым келген.

Айта кетсек, бұған дейін ұшақтың апатқа ұшырауына қанаттарына мұз қату себеп болуы мүмкін екені айтылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1841761-almatyda-apatka-syragan-bek-air-sagyny-kalaj-klagany-belgili-boldy-video/

pixel