Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дауыстарды сатып алдым": Алсу қызының жеңісіне қатысты дауға алғаш рет пікір білдірді

Опубликовано:

Ресейлік танымал әнші Алсу өткен жылы "Голос.Дети" жобасындағы қызының жеңісіне қатысты жанжалға алғаш рет пікір білдірді. Ұзақ уақыт бойы үнсіздік сақтаған өнер иесі музыкалық додадағы дауыс беру үрдісі жайлы айтып, перзенті үшін кейбір дауыстарды сатып алғанын да мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Осторожно Собчак" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Алсу ең ірі музыкалық жобаның финалында орын алған даудан кейін, алғаш рет сұхбат беріп, жағдайдың мән-жайын түсіндірді.

Ресейлік әншінің сөзінше, аталмыш дода қызының сүйіп көретін бағдарламаларының бірі болған. Алайда, Микелланың оған барып қатысуы отбасыда аса талқыланбаған.

"Біз Микелла "Голос. Детиді" үзбей көретінін білетінбіз. Арасында "ол өзі қатысып көрсе, қалай болады екен?" деп армандап қоятынбыз. Бірақ, шынайы түпкілікті қатыстырамыз деген ниет болмаған. Бізге "Бірінші арнаның" өкілдері хабарласып, қызымды кастингке шақырды. Олар бізді өздері шақыртты. Мен о бастан-ақ Микелла менің қызым екенін білсе, халық шулайтынын білдім. Сол себепті, онымен бірге кастингке барған жоқпын. Ол өз күшімен өтті" , - деп бастады әнші.

Өнер иесі дауыс беру үрдісіне қатысты пікір білдіріп, халық арасында айтылып жатқан әңгімелердің барлығы дерлік шынайы емес екенін алға тартты. Оған қоса, Алсу қызының жеңісі біріншіден өз жанкүйерлерінің арқасы екенін жасырмады.

"Барлығы өз баласын насихаттап, оған дауыс беруге шақырды. Сол себепті, мен де желідегі екі миллиондық аудиторияма баламды қолдап жіберуді сұрадым. Микелланың жетістігі сол менің жанкүйерлерім мен танымалдылығымның арқасы. Мен дауыстарды сатып алдым, оны мойындаймын. Алайда, мен "Бірінші арнаның" ережелері мен талаптарына сәйкес мөлшердегі дауыстарды сатып алдым.
Дауыс беру үрдісінің өзі аукцион секілді. Оны тегін бере алмайсың, әрбір смс ақша тұрады. Сол себепті, мен 40 смс сатып алдым. Бір телефоннан 20 смс жіберуге болады. Менде екі ұялы телефон болғандықтан, мен екеуінен кезек-кезек қолым босағанда қызыма дауыс бердім. Бәрі заң жүзінде болды. Одан кейін біз өз туыстарымыз бен жақындарымызға да айттық" , - деді Алсу.

Сонымен қатар, өнер иесі Микелланы музыкалық додаға қатыстырғаны үшін қатты өкінетінін айтты.

Айта кетейік, өткен жылы болған "Голос.Дети" жобасының соңы жанжалмен аяқталды. Көрермендер жеңіске Алсудың қызы жеткенде шу шығарды. Олардың басым көпшілігі нағыз жеңісмаз ретінде қазақстандық Ержан Максимді көретіндерін алға тартты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841762-dauystardy-satyp-aldym-alsu-kyzyny-zeisine-katysty-dauga-algas-ret-pikir-bildirdi/

pixel