Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

60 метр қашықтықты небары 6,64 секундта жүгіріп өткен футболшыға ел тамсанды

Опубликовано:

"Боруссия Дортмунд" шабуылшысы, 19 жастағы норвегиялық Эрлинг Холанн Чемпиондар лигасы шеңберінде франциялық "ПСЖ"-ға қарсы матчта екі гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Сондай-ақ ол қарымта шабуылдардың бірінде жылдамдығын арттырып, әлемдік рекорд орнатуға шақ қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Эрлинг Холанн. Фото: Getty Images
Эрлинг Холанн. Фото: Getty Images: Getty Images

Айта кетейік дарынды футболшы "Боруссия Дортмунд" сапында еурокубоктағы алғашқы матчын өткізді.

Француздарға қарсы ойында ол қарымта шабуылдардың бірінде 60 метр қашықтықты бар болғаны 6,64 секундта жүгіріп өтті – әлемдік рекордқа 0,3 секунд қана жетпеген.

Айта кетейік, 19 ақпан күні түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық кездесулері өткен болатын.

Германияның "Боруссия Дортмунд" футбол клубы өз алаңында франциялық "ПСЖ" командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Норвегиялық жұлдыз дубльдің авторы атанса, қонақтар тарапынан жалғыз голды бразилиялық Неймар соқты.

Еурокубоктың бұл турындағы екінші кездесу Испания астанасында өтті. "Ванда Метрополитано" стадионында жергілікті "Атлетико Мадрид" қатарынан 14 ойында жеңіліссіз келе жатқан ағылшынның азулы "Ливерпуль" командасын тоқтатты.

Кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Мачтағы жалғыз голдың авторы – Сауль Ньигес.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Ливерпуль" командасының бұрынғы ойыншысы қазақстандық клубқа ауысқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1841777-60-metr-kasyktykty-nebary-664-sekundta-zgirip-tken-futbolsyga-el-tamsandy/

pixel