RU

Халық алдында есеп берген Сапарбаев қарияның батасын алды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде Тараз қаласының қариясы аймақ басшысына батасын берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ./ Петр Карандашов

Бердібек Сапарбаев. Фото: NUR.KZ./ Петр Карандашов

Жамбыл облысы Сарысу ауданының құрметті азаматы Әскербек Жұматаев аймақ басшысымен амандаса отырып, өзінің жерлесі, танымал ақын Маралтай Ыбыраевтың өлең шумақтарын оқыды.

"Көне шаһар көз алдыңда көлбесе,
Ғазиз көңіл әлденеге шөлдесе.
Жұмақты іздеп жанталасқан жан болса,
Таразға кел, Таразды көр ендеше", – деп зейнеткер облыс әкіміне тілегін жеткізді.

Әскербек Жұматаев кездесуге қандай да бір сұрақ қою үшін емес, жаңадан тағайындалған аймақ басшысына ақ батасын беру үшін келгенін айтты.

"Сіз қайда барып, қайда еңбек етсеңіз де халық сізді әрқашан да қимай жатады. Сондықтан да осы отырған көпшілік атынан сізге тілер батам бар", – деген ол Сапарбаевқа ақ батасын берді.

Еске сала кетейік, 10 ақпанда Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.

Ал бүгін, 19 ақпанда алғаш рет өңір басшысы ретінде халықпен есеп беру кездесуін өткізді.

Айта кетейік, әкім облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болып отыру үшін, тұрғындармен ашық диалог орнату мақсатында әлеуметтік желілерден жеке парақшаларын ашқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Халық алдында есеп берген Сапарбаев қарияның батасын алды (видео)
Mailfire view pixel