Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйқамаққа алынған Болат Бақауовқа қандай шектеу қойылды

Опубликовано:

Павлодар облыстық соты өңірдің бұрынғы басшысы Болат Бақауовқа қатысты бұлтартпау шарасының үйқамаққа ауыстырылуына орай оған қандай әрекеттер тыйым салынғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Бақауов. Фото: instagram.com/bbakauov
Болат Бақауов. Фото: instagram.com/bbakauov: Instagram

Үйқамаққа алу кезіндегі тыйым салынатын әрекеттер қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген. Экс-әкім үйде отырғанымен, оның пәтері үнемі бақылауда болады. Ал қандай да бір ереже бұзылған жағдайда, шенеунік қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалады.

Атап айтқанда, Бақауовқа үйінде қонақтар қабылдауға тыйым салынды. Тек үйде бірге тұратын жақындарымен ғана араласуына рұқсат берілген.

Сондай-ақ оған байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынған. Смартфон, компьютер мен интернетті қолдануға болмайды. Ал үйден тек тергеушінің шақыртуымен ғана шығуына рұқсат.

Айта кетейік, бүгін, 19 ақпанда экс-әкімге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілгені белгілі болды. Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі бұл шешімнің себебін түсіндіріп берді.

Олар Бақауовтың ісіне қатысты жағдайдың шамалы өзгергенін, сондай-ақ, уақытша тергеу изоляторында болғанда оның денсаулығы нашарлағанын мәлім етті.

Еске сала кетсек, 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған қатысты пікір білдіріп, 15 қаңтарда аймақ басшысына қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841788-jkamakka-alyngan-bolat-bakauovka-kandaj-sekteu-kojyldy/

pixel