Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда бір отбасы коронавирус күдігімен ауруханаға жеткізілді (видео)

Опубликовано:

Петропавлда төрт адамнан тұратын отбасы коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Depositphotos

Жақында әлеуметтік желіде арнайы киінген медицина қызметкерлерінің екі жедел жәрдем көлігімен адамдарды алып бара жатқан видеосы пайда болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында бұл жағдайға байланысты пікір білдірді. Анықталғандай, Таиландта демалып келген отбасы мүшелерінің дене қызулары көтерілген.

"Отбасы – күйеуі мен әйелі, олардың үш және жеті жасар балалары Таиландтан дене қызулары көтерілген күйде ұшып келген. Бүкіл отбасы коронавирус күдігімен жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Олар тексеруден өтті. Зертханалық сараптама мен тексеру нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталмады", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында қазіргі уақытта әйелдің балаларымен бірге балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімінде жатқанын, ал ер адамның бірінші қалалық ауруханаға ауыстырылғанын атап өтті.

Отбасы мүшелерінің жағдайы тұрақты.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қытайда жаңа коронавирустан көз жұмғандар саны 2000-нан асып, жұқтырғандар саны 74,1 мың адамға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841793-petropavlda-bir-otbasy-koronavirus-kdigimen-auruhanaga-zetkizildi-video/

pixel