RU

Ақмолада із-түзсіз кеткен 26 жастағы бойжеткен Қарағандыдан табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында жоғалған 26 жастағы қыз Қарағанды қаласынан ама-есен табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы ақпанның 11-де Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғыны хабарласып, 26.06.1993 жылы туған қызы Шолпан Жұмабекқызы Ахметті іздеп табуға көмектесуді сұраған. Іздестіру шарасы барысында жоғалған қыздың бұған дейін де үйінен кетіп, кейін қайта оралып отырғаны анықталды.

Шара барысында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан арнайы топ құрылып, қылмыстық іс қозғалды. Такси, жолаушылар тасымалы құралдары мен вокзалдың маңы, көңіл көтеру орындары тексерілді.

Тәртіп сақшылары 8 күн бойы іздестіру шараларын бір тоқтатпады. Оған Көкшетау қаласының ПБ жеке құрамы тартылды.

Нәтижесінде Шолпан 18 ақпан күні Қарағанды қаласындағы құрбысының үйінен табылды. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында қабір қазу үшін кетіп, ұшты-күйлі жоғалған азамат өлі күйінде табылды.

Осыған дейін Бүкенші ауылының тұрғыны Асхат Әлжановтың із-түссіз кеткені туралы еріктілер хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақмолада із-түзсіз кеткен 26 жастағы бойжеткен Қарағандыдан табылды
Mailfire view pixel