Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте екі адамды өлтірді деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды

Опубликовано:

Шымкент қаласында екі адамды өлтірген деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сезікті қылмыс жасағаннан кейін бір тәуліктен соң қолға түскен.

"Аса ауыр қылмысты жасады деген күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысты жасауға күдікті мен ер азаматтың арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған. Сезіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тағайындалған сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес белгілі болады. Аталған жайт Қылмыстық Кодекстің 99-бабы (Адам өлтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Айғақты заттар тәркіленіп алынды", -делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні кеше қаладағы пәтерлердің бірінде еркек пен әйелдің денесі табылған болатын. Мәйіттерді марқұм болған әйелдің анасы тапқан еді. Қылмыскердің қолынан қаза тапқандар бұған дейін сол пәтерде бірге тұрған көрінеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841800-symkentte-eki-adamdy-ltirdi-degen-kdikpen-20-zastagy-zigit-staldy/

pixel