Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райына байланысты бес облыста ескерту жарияланды

Опубликовано:

Еліміздегі бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

20 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. Түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Сол күні Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мұмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Сол күні түнде және таңертең Қостанай қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді.

20 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын соғуы ықтимад. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Сол күні Петропавл қаласында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

20 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Сол күні түнде Орал қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал, 20 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Сол күні түнде және таңертең Ақтау қаласында да тұман түсуі ықтимал.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда боранға байланысты мектептер мен колледждерде сабақтар тоқтатылды. Сондықтан, сабаққа оқушыларға ғана емес, студенттерге де бармауға рұқсат.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841802-aua-rajyna-bajlanysty-bes-oblysta-eskertu-zarialandy/

pixel