RU

"Инсульт алуы мүмкін": Атамбаевтың ұлы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтып, дабыл қақты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек әкесінің денсаулығы сыр беріп, қатты ауырып жатқанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Алмазбек Атамбаев. Фото: kremlin.ru

Алмазбек Атамбаев. Фото: kremlin.ru

Әкесінің қазіргі жағдайы туралы ақпаратты Атамбаевтың ұлы Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

Қадырбек экс-президенттің денсаулығы сыр беріп, қан қысымымен мәселер болып жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, әкесінің қан қысым қатты төмендеп кеткен.

Кіші Атамбаев бұндай жағдай әкесінің инсульт немесе инфаркт алуына әкелуі мүмкін деп уайымдайды. Қадырбекке бұл туралы дәрігерлер ескерткен.

Қадырбек Алмазбекұлының жазуынша, билік әкесінің денсаулығы туралы ақпаратты жасырып отыр.

Автордың мәліметінше, адвокаттар соңғы рет қан қысымын тексерген кезде 76/60 көрсеткенін айтқан.

"Әкем ешқашан халқымыз бен елімізге қызмет ету үшін денсаулығын аямады. Достары үшін де ешқашан ешнәрсені аямады. Өз-өзін күтудің орнына, Қырғызстанның басқа президенттерінен ерекшеленіп, үнемі мұрнынан шаншылып жұмыс істеді. Осы сәтте әкеме жасалған жалған ақпараттық шабуылдың құрбанына айналмағандардың бәрінен оның денсаулығы үшін дұға жасауларын сұраймыз! Рахмет! Әкем бізге өзге елде бай әрі ұзақ өмір сүргенше, өз еліңде өз халқыңның арасында өлген жақсы деп айтатын", - деген Қадырбек Алмазбек жазбасының соңында әкесін мақтан тұтатынын жеткізген.

Еске сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында 14 қылмыстық іс бойынша айыпталып жатқан Алмазбек Атамбаевқа қатысты бұлтартпау шарасының мерзімі ұзартылғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Инсульт алуы мүмкін": Атамбаевтың ұлы әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтып, дабыл қақты
Mailfire view pixel