Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда тұратын этникалық қазақ күрестен бес дүркін Азия чемпионы атанды

Опубликовано:

Үндістан астанасы Делиде күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Өзбекстанда тұратын этникалық қазақ Елмұрат Тасмұратов бесінші рет Азия чемпионы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ olamsport.com сайтына сілтеме жасап.

Фото: ult.kz
Фото: ult.kz: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, 63 келіде өнер көрсететін Елмұрат Тасмұратов финалға дейін сүрінбей жетіп, ақтық сында Оңтүстік Корея өкілі Жинсеуба Сонгты 9:0 есебімен жеңген.

Осылайша Елмұрат бес дүркін Азия чемпионы атанып отыр.

Ол бұған дейін Делиде (2013, 60 келіге дейін), Астанада (2014, 59 келіге дейін), Дохада (2015, 59 келіге дейін), Бішкекте (2018, 63 келіге дейін) өткен Азия чемпионаттарында алтын алған.

Балуан сонымен қатар әлем чемпионатында екі рет қола, бір рет күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ, 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпидасының қола жүлдегері.

Айта кетейік, Елмұрат Тасмұрадов 1991 жылы Өзбекстанның қазақтар көп тұратын Бостандық ауданында дүниеге келген. Шымкенттегі Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатын тәмәмдаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 16 жастағы қазақстандық зілтемірші Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841822-zbekstanda-tratyn-etinkalyk-kazak-kresten-bes-drkin-azia-cempiony-atandy/

pixel